sqhExOSOHvh7J5Db7ogbevXUxa9VZKtoR8OzsXkP
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

NBA ойыншысын түнгі клубта сабап кетті

NBA ойыншысын түнгі клубта сабап кетті
видеодан үзінді

ҰБА "Даллас Маверикс" клубының сұрмергені Кристап Порзингис (бойы - 221 сантиметр) Латвияның Лиапея қаласындағы түнгі клубтардың бірінде жанкүйерлермен төбелесті, - деп хабарлайды Delfi.lv. Көңіл көтеру орталығының қонақтары осы оқиғаны видеоға түсіріп алған. 

Оқиға 11 мамырда Cukurfabrik клубында болған. Жанжалдың неден шыққаны белгісіз, спортшының өзі болса ту сыртымнан шабуылдады деп отыр. 

"Ол мені ұрды да қысып қалмақшы болды, алайда мен одан шығып кетіп, есе қайтардым. Астанң-кестеңі шықты, бір ер адам маған қара үстел лақтырды. Дәл еліп басыма тиді", - деді Порзингис.

Клуб күзетшілері төбелес шығарғандарды сыртқа алып шыққан. Сол жерде олар тағы жанжалдасқан.

Бірнеше БАҚ өкілдері Порзингисті ресейлік жанкүйерлер ұрып соққанын жазды. Оған оның кенеттен "Нью-Йорк Никс" клубынан "Даллас Маверикс" командасына ауысып кетуі себеп болуы мүмкін. Алайда жергілікті басылымдар төбелескендер арасында орыс тілді жергілікті тұрғындардың болғанын, алайда оның спортқа еш қатысы жоғын айтады. Ерегес қыз үшін болған. 

"Бетімнің бәрі қанға боялды, қолымды жарақаттап алды, бірақ бәрі де жақсы болады", - деді 23 жастағы баскетболшы. 

Полицейлер келген уақытта жанжал аяқталған еді, сол себепті ешқандай құрықтау шаралары болған жоқ. Соған қарамастан "Даллас Маверикс" өз ойыншысына шабуыл жасалғанына байланысты тергеу жүргізіп жатыр. 

Наурыздың соңында Порзингисті зорлық ісі бойынша айыпталды - оның бұрынғы көршісі баскетболшының үстінен шағымданған.

Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар
14 тамыз 2018, 11:00
Баскетбол
Баскетболшы анасына Range Rover сыйлады Баскетболшы анасына Range Rover сыйлады