NBA жұлдыздар ойыны қашан өтетінін жариялады

НБА мен ойыншылар кәсіподағының лигасы Барлық жұлдыздар ойынын өткізу туралы келісімге келді. Осылайша жұлдыздар жарысы 2021 жылы 7 наурызда State Farm Arena-да өтетін болды. Бұл туралы инсайдер Эдриан Войнаровски Twitter желісіндегі парақшасында жазды. 

Биыл бұл шара әдеттегідей жұлдызды уик-эндке созылмайды, небәрі бір күнде өткізіледі. All-Star Game аясында Шығыс және Батыс конференцияларының кездесуі өтеді және конкурстар ұйымдастырылады. 

Коронавирус пандемиясына дейін 2020/2021-маусымының Жұлдыздар ойыны Индианаполисте өтуі керек еді, алайда бұл идеядан бас тартып, шараны 2024 жылы өткізетін болып шешкен еді. Басында лига  2021 жылы Жұлдыздар ойынынан бас тартады деп күтілгенін де айта кету керек. 
Метки: