Ұлттар лигасы ойыны алдында Қазақстан құрамасының тағы бір футболшысы жарақат алып қалды

Дмитрий Мирошниченко. Сурет: ҚФФ
Қостанайлық "Тобылдың" қорғаушысы Дмитрий Мирошниченко Қазақстан құрамасының орналасқан жерінен кетіп қалды, деп хабарлайды ҚФФ сайты.

Футболшыға сол жақ жамбас жарақаты деген диагноз қойылды. Мирошниченко командаға қосалқы құрам тізімінен шақырылған болатын. Жоспар бойынша ол коронавирус диагнозы қойылған бельгиялық "Беерсхоттың" қорғаушысы Ян Вороговскийді алмастыруы керек еді.

Естеріңізге сала кетейік, ұлттық команда Талғар қаласында Ұлттар лигасы ойындарының алдында оқу-жаттығу жиындарын өткізеді. 11 қазанда Албаниямен өз алаңында матч өткізеді. 14-15 қазанға қараған түні - Беларуссиямен сырт алаңда ойнайды.

Қазақстан үш ұпаймен C дивизионының төртінші тобында қосымша көрсеткіштер бойынша қарсыластарынан озып, көш бастап келеді. Албания, Беларуссия және Литва құрамалары да үш ұпай жинады. Бірінші турда Михал Билек шәкірттері Литваға барған кезде 2:0 есебімен жеңіске жетіп, кейін өз алаңында Беларуссиядан жеңіліп қалды - 1:2.
Метки:
Жаңалықтар