Сборные
9 қазан 2017 13:44
 
Тұрысбек үзіліс кезінде Бородюктің қандай кеңес бергенін және Ұлттық құрамада қатарынан екінші ойында соққан голы туралы айтып берді

  Пікірлер

blog.share

Армениямен өткен ойынның басты қаһармандарының бірі, Қазақстан құрамасының шабуылшысы Бауыржан Тұрысбек ойыннан алған әсерімен Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында бөлісті.

- Өте жақсы ойын болды. Екі команданың гол соғатын сәттері көп болды. Бірінші таймның ортасында қақпамызға гол жіберіп алдық. Сол сәт ойынның нәтижесіне ықпал етті деп санаймын. Алайда, еңсемізді түсірмей, ойынды жалғастырдық. Гол соғып есепті теңестірдік. Әрине, бүгін жеңіске жеткіміз келді. Алайда, шеберлік жетіспеді.

- Румыниямен өткен ойыннан кейін соққан голыңыздан ешқандай әсер алған жоқпын деп айттыңыз. Ал, Армениямен болған кездесуде тағы да гол соққан кездегі көңіл-күйіңіз қандай болды?

- Үйде ойнаған соң гол соғып, жанкүйерлерге қуаныш сыйлағымыз келді. Жақсы ойын болды деп санаймын. Барлығы оң нәтижеге қол жеткізуді қалады.

- Жанкүйерлердің қолдауы қалай?

- Жанкүйерлердің қиын сәтте де құрамаға қолдау көрсетіп, соңына дейін қолдау көрсеткені қуантты. Әрқашан, осындай қолдау болғанын қалаймын. Жанкүйерлер стадионды толтырып, әрқашан бірге болуы тиіс. Командаға сену керек.

- Екінші таймда футболшылардың ойыны өзгерді. Үзілісте бас бапкердің айтқан сөздері командаға әсер етті ме?

- Бас бапкер гол соғатын сәттердің бар екенін  айтты.  Ойынды өзгерту керек болды. Бас бапкердің талабын орындадық. Жігіттердің брлығы екінші таймға жігермен шықты.

- Тең нәтиже ойынға сәйкес деп санайсың ба?

- Әрине, бізді де, Арменияның да гол соғатын мүмкіндіктері болды. Сол себепті тең ойын болды деп ойлаймын.

- Ұлттық құраманың сапында екі ойын қатарынан гол соқтыңыз. Осы нәтиже алматылық  «Қайраттың» сапында негізгі құрамға шығуға көмектеседі деп ойлайсыз ба?

- Мен тек өзімнің жұмысымды істеймін. Жеңіске жеткім келеді.  Алға ұмтыламын. Ал қалғанының барлығы клуб жетекшілігі мен жаттықтырушылар штабының шешіміне байланысты.

Жарнама

Живи спортом!