auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Стойлов "Астананы" алдағы уақытта кім жаттықтыратынын айтып берді

Болгариялық маман "Астананың" қаржылық мәселесі туралы сөз қозғады.

Стойлов "Астананы" алдағы уақытта кім жаттықтыратынын айтып берді
Сурет "Астана" клубының ресми сайтынан алынды.
Футболдан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері Станимир Стойлов елордалық "Астана" клубында өз орнын басатын маманды атады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Стойлов қызметіне ресми түрде бүгін, 1-наурыз күні тағайындалды. Астана өткен баспасөз жиыны кезінде болгариялық маман "Астана" клубынан кететінін де айтты. 

- "Астана" клубының сыйақыларыңызды алдыңыздар ма? "Астана" клубының бас бапкері болады деп қай маманды айта аласыз?

- Маған "Астанадағы" қаржылық мәселелер шешілетінін айтты. Бұл мен үшін де, футболшылар үшін де маңызды. Барлық қарыздар өтеледі деп те уәде берді. Жаңа бапкер - менің шаруам емес. Бірақ біз Бабаянмен төрт жыл бірге жұмыс істедік. Ол бас бапкер болған жоқ. Бірақ ол бас бапкерлік жұмысты атқара алады. 

Елордалық клубпен Стойлов ең бірінші келісімшартын 2014 жылы жасаған болатын. Содан соң келісімшарт 2017 жылдың 31-желтоқсанына дейін ұзартылды.

Болгариялық маман бірінші маусымда-ақ елордалық клубпен Қазақстан Чемпионы атанды. Одан кейін "Астана" бұл бапкермен ішкі біріншілікті үш рет жеңіп алды. 2015 жылы "Астана" қазақстандық клубтардың арасында бірінші болып Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты.

2016 және 2017 жылдары "Астана" Стойловпен Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнады. Ал биылғы маусымда "Астана" қазақстандық клубтар арасында Еуропа лигасының 1/16 финалына бірінші болып шықты.



Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар