"Соңында білініп қалды". Беларусь құрамасының футболшысы Қазақстанның басты әлсіз тұсын атады

Евгений Яблонский. Фото: АБФФ
Футболдан Беларусь құрамасының жартылай қорғаушысы Евгений Яблонский Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасына (2:1) қарсы өткен кездесу туралы пікірін білдірді,- деп жазады "Трибуна". 

- Қазақстан бірінші минуттарда жақсы қысым жасайды. Бірақ біз жақсы қорғана білдік. Допты жақсы тартып ала білдік. Бір-бірімізге де жақсы көмектестік. Осының арқасында да біз ойынның басымыдығын алған шығармыз. Содан соң біз шабуылда да, қорғаныста да мықты болдық. 

Ойынды өзгерткен басты фактор не болды? Біздің құрама болып жиналмағанымызға көп уақыт болды. Сол үшін бір-бірімізді кейде түсінбей жаттық. Жалпы негізі біз допты оңай жоғалтып та жаттық. Сондықтан да біз Албаниядан жеңілген едік. 

Матч соңында Қазақстанның шаршағаны көрініп қалды. Біз қарсы шабуылға жақсы шығып отырдық. Жеңіске жететінімізге сендім. Солай да болды. Жеңісті жұлып кеттік. 

- Грузия құрамасына қарсы кездесуге бір айдай уақыт бар. Беларусь құрамасы бұл ойында жақсы ойнау үшін не керек? 

- Грузиямен матчқа дайындалу үшін де аз уақыт қалды. Қазір бапкерлер біздің соңғы екі ойынымызға сараптама жасайды. Содан соң қандай қателік жібергенімізді айтады. Жақсылап жұмыс істеу керек. Қарсылас мықты. Бірақ біз де дайындаламыз. 




Метки:
Жаңалықтар