Ойынды өзгерткен басты фактор не болды? Біздің құрама болып жиналмағанымызға көп уақыт болды. Сол үшін бір-бірімізді кейде түсінбей жаттық. Жалпы негізі біз допты оңай жоғалтып та жаттық. Сондықтан да біз Албаниядан жеңілген едік.
Матч соңында Қазақстанның шаршағаны көрініп қалды. Біз қарсы шабуылға жақсы шығып отырдық. Жеңіске жететінімізге сендім. Солай да болды. Жеңісті жұлып кеттік.
- Грузия құрамасына қарсы кездесуге бір айдай уақыт бар. Беларусь құрамасы бұл ойында жақсы ойнау үшін не керек?
- Грузиямен матчқа дайындалу үшін де аз уақыт қалды. Қазір бапкерлер біздің соңғы екі ойынымызға сараптама жасайды. Содан соң қандай қателік жібергенімізді айтады. Жақсылап жұмыс істеу керек. Қарсылас мықты. Бірақ біз де дайындаламыз.