Сборные
4 қыркүйек 2017 13:42
 
Рохер Каньяс Қазақстан азаматтығын ала ма?

  Пікірлер

blog.share

Рохер Каньяс Қазақстан азаматтығын ала ма?

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Александр Бородюк шет елдік футболшыларға азаматтық беруге қарсы екен. Ол жергілікті жас футболшы көбірек көңіл бөлуді қаладай, деп жазады Vesti.kz порталы. 

- Қазақстан футбол федерациясы келер іріктеу турнирлеріне шет елдік футболшыларға азаматтық беріп, Ұлттық құрамаға шақырту туралы жұмыс істеп жатыр ма? Мысалы, Рохер Каньясты шақыру үшін?

- Каньястың жақсы футболшы екенін білеміз. Бірақ алдағы уақытта қалай ойнайтынын ешкім дөп басып айта алмайлы. Футболшыға азаматтық алып беріп, ал оның ойыны көңілден шықпайтын кездер көп кездесіп жатады. Жалпы шет елдік футболшыларға азаматтық беру - жеңіл жол деп білемін. Егер біз 11 бразилиялық футболшыны алып келіп алатын болсақ, онда жас қазақстандық футболшылардың жолын байлаймыз. Сондықтан да қанша таяқ жесек те, өз шәкірттерімізді шығарғанымыз дұрыс. Мен өткен де ғана Зуевпен сөйлестім бұл туралы. Қазақстанда дүниеге келген футболшы. Бірақ ол Ресей құрамасының намысын қорғауға бел буды. Мұндай кезде ештеме істей алмайсы. Себебі, ол өзінің таңдауы", - дейді Бородюк. 

Еске салайық, 27 жастағы колумбиялық жартылай қорғаушы Рохер Каньяс Қазақстан біріншілігінде 2012 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Бұрнағы күні ол шымкенттік "Ордабасы" клубының намысын қорғайды. Бұған дейін "Шахетр", "Астана" және кипрлік АПОЭЛ клубтарының намысын қорғаған. 

Ал 21 жастағы Зуев болса Қостанай жерінде дүниеге келген. Футболдағы алғашқы қадамдарын "Тобыл" клубы сапында бастаған. 2005 жылы ол отбасымен бірге Ресейге көшіп кеткен. Сол уақыттан берін мәскеулік "Спартак", самаралық "Крылья Советов" клубтарының намысын қорғаса, қазір "Ростовтың" сапында өнер көрсетеді. 2014 жылдан бері ол Ресей жастар құрамасына шақырту алып келеді. 

Жарнама

Живи спортом!