Ресми: Александр Бородюк Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетті
Александр Бородюк. Сурет: kazfootball.kz
Ресейлік маман Александр Бородюк ресми түрде Қазақстан құрамасының бапкерлік қызметінен кетті, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
"Келісімшарт екі жақтың келісімі бойынша бұзылды. Қазақстан футбол федерациясы Александр Генриховичті жасаған қызметі үшін алғыс айтып, алдағы уақытта сәттілік тілейді. Қазақстан құрамасының жаңа бапкерін жуық арада хабарлаймыз", - делінген ҚФФ таратқан ресми хабарламада.
55 жастағы маман Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы қызметіне 2017 жылдың ақпан айында келген еді. Одан бергі аралықта ұлттық құрама 7 ойын өткізіп, 1 кездесуде ғана тең нәтижеге қол жеткізе алды. 6 ойында қарсыластарына есе жіберді. Барлығы 6 гол соғып, 18 рет допты өз қақпаларынан алып шықты. 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі топта соңғы орынға тұрақтады.
Әзірге Александр Бородюктің орнын кімнің басатыны әлі белгісіз. Былтыр оның алдында ұлттық құрамамызды отандық маман Талғат Байсуфинов жаттықтырған болатын.

Жарнама