UmKkHrYQndcitqLcs9UHJwoCgOIjVbk08O63TG9a
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Ресейлік бапкер Қазақстан құрамасының тізгінін ұстауы мүмкін

Ресейлік бапкер Қазақстан құрамасының тізгінін ұстауы мүмкін
Олег Кононов. Сурет: KazFootball.kz
Ресейлік маман Олег Кононов футболдан Қазақстан құрамасының тізгінін ұстауы мүмкін. KazFootball.kz мәліметі бойынша, 51 жастағы бапкердің агенттері Қазақстан футбол федерациясымен қазіргі уақытта соңғы келіссөздерді жүргізіп жатыр екен. Келісімшарт екі жылға жасалуы мүмкін. 

Кононов 2013 және 2016 жылдар аралығында "Краснодар" клубының тізгінін ұстаған кезде көпшілікке кеңінен танылды. 2014/2015 жылғы маусымда ол Ресей біріншілігінің үздік бапкері атанды. Бұл маманның бастамасымен "Краснодар" бірінші рет біріншіліктің қола жүлдесін жеңіп, Ресей кубогінің финалына және еурододаға жолдама алды. 

"Краснодардың" тізгінін ұстағанға дейін ол 2004 және 2008 жылдары молдавалық "Шериф" клубының жаттықтырды. Кейін украиналық "Карпаты" командасмен жұмыс істеп, Еуропа лигасының топтық кезеңіне шықты. 

Кононовтың тәлімгерлерінің қатарында Юрий Газинский, Александр Епуряну, Рэзван Кочиш, Ари, Рикардо Лаборде, Одил Ахмедов, Жоаозинью, Павел Мамаев, Андреас Гранквис секілді танымал футболшылар бар. 

Кононовтың соңғы жұмыс орны Грозный қаласының "Ахмат" клубы болды. Бұл клубпен ол 2017 жылдың қараша айына дейін жұмыс істеді. 

Еске салайық, Қазақстан футбол федерациясы өткен айда Бородюктің қызметінен кеткені туралы хабарлаған болатын. 55 жастағы маман Қазақстан құрамасымен жеті кездесу өткізіп, оның алтауында жеңіліп, бір кездесуде тең ойнады.






Ставки на спорт!
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар