Qazsport Қазақстан құрамасының алдағы үш ойынын да тікелей эфирде көрсетеді

Сурет: ҚФф
Qazsport телеарнасы футболдан Қазақстан құрамасының алдағы үш кездесуін де тікелей эфирде көрсетеді. 

Біздің құрама 11-қараша күні сырт алаңда Черногория құрамасымен кездеседі. Бұл ойын елорда уақытымен 23:00-де басталады. 

Содан соң Михал Билек тәлімгері Ұлттар лигасында екі ойын өткізеді. 15-қараша күні сырт алаңға Албаниямен ойнайды. Бұл матч Нұр-Сұлтан уақытымен 22:50-де көрсетіледі. 

Ал 18-қараша күні Қазақстан құрамасы Алматыда Литвамен кездеседі. Бұл ойынның трансляциясы 21:00-ге жоспарланған. 





Метки:
Жаңалықтар