Михал Билек Қазақстан құрамасының бас бапкері ретінде қала ма? Бапкердің өзі жауап берді
Чехиялық маман Михал Билек Қазақстан құрамасынан кету туралы сұраққа нақты жауап бермеді,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Бүгін Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының соңғы турында Литва құрамасымен кездесіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша біздің құрама С лигасының 4 тобында соңғы орын алды. Енді төменгі дивизионға түсіп қалмау үшін Қазақстан құрамасы тоғыспа кездесуге қатысады. Бұл ойындар 2022 жылы өтеді. Бірақ ол уақытқа дейін Билек бапкер Қазақстан құрамасынан кетуі мүмкін. Өйткені, 2021 жылдың басында оның келісімшарты аяқталады.
"Қаңтарда менің келісімшартым аяқталады. Қалғым келе ме? Бұл туралы дәл қазір ештеме айтқым келмейді", - деді бапкер ойыннан кейінгі баспасөз жиыны кезінде.
Еске салайық, Михал Билек Қазақстан құрамасының тізгінін 2019 жылы ұстаған болатын. Оның бастамасымен біздің құрама биыл Ұлттар лигасында бір ғана ойында жеңіске жетті.

Жарнама