auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Мен қазақ футболына көмектесу үшін келдім". Стойлов Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалуна байланысты пікір білдірді

"Мен қазақ футболына көмектесу үшін келдім". Стойлов Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалуна байланысты пікір білдірді
Сурет "Астана" клубының ресми сайтынан алынды.
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері ретінде тағайындалған болгариялық маман Станимир Стойлов жаңа қызметінде тапсырмалар мен мақсаттар туралы айтып берді, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Стойлов қызметіне ресми түрде бүгін, 1-наурыз күні тағайындалды. Бірақ бапкердің ұлттық құраманы "Астана" клубымен қатар жаттықтырады ма, жоқ па белгісіз. 

- Кеше мен Федерацияның президентімен кездесіп, ұлттық құраманың мәселелерін талқыладық. Мен Қазақстанда жүргеніме бірінші жыл емес. Мұндағы адамдарды танимын. Көптеген адамдар менің кандидатурамды қолдап, құрама қашан келетінімді сұрап жүрді. Мен өз тарапымнан Қазақстан құрамасы сапында жақсы нәтиже жету үшін бар күшім саламын деп уәде беремін. Клубтардағы әріптестеріммен үнемі байланыста боламын. Футболшылар үшін ұлттық құрамаға шақырту алу - ойыншық емес. Бұл нәрсеге бейжай қарайтын ойыншылар үйлерінде қала берсін. Мен тапсырма қоямын - футболшылар орындау керек. 

Қазақстандық футболшылардың деңгейі жаман емес. Бірақ ойлау жүйесін өзгерту керек. Маған бірінші кезекте командалық жұмыс маңызды. Мұны түсінбейтін футболшылар үшін менің командамда орын жоқ. Егер футболшы клубында өз жұмысына жауапкершілікпен қарамайтын болса, онда оған ұлттық құрамаға шақырту да бұйырмайды. Келісімшарт мерзімі? Федерация президенті боссың десе, мен кетемін. Артық әңгіме болмады бұл туралы. Мен қазақ футболына көмектесу үшін келдім. Біз Ұлттар лигасында іріктеуден өтуіміз мүмкін. Бірақ біз фоварит емеспіз. Біз тек үшінші топтамыз. 

Жыл сайын Қазақстан құрамасы нашарлап жатқан сияқты. Бұл жерде мәселе бапкерде емес. Қазақстанда мықты мамандар да жұмыс істеді. Бородюк және басқалары да мықты болды. Әрине, қиындықтар әлі де кездеседі. Бірақ бізге жанкүйерлердің қолдауы керек", - дейді Стойлов. 

- Сізге дейін ұлттық құрамамызды жаттықтырған бапкерлердің барлығы (Байсуфиновтан басқасы) сынға қалды. Бірақ сізді мұнда ерекше сыйлайды. Сіз біздің команданы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне алып шықтыңыз. Осы абыройыздан айырылып қаламын деп қорықпайсыз ба?

- Карьерам үшін де абыройым үшін де уайымдамаймын. Маған қазір ұлттық құраманы жаттықтырған маңызды. Бұл жұмыс үшін барлық күшімді саламын. Қазір қиын болатын шығар. Бірақ кейін жеңеміз деп сенемін. Бұрын тек тең нәтиже үшін қуанатын еді жанкүйерлер. Қазір тең жеңіс күтеді. 









Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар
19 маусым 2023, 12:08
Ұлттық құрамалар
©ҚФФ УЕФА Қазақстан қақпашысын атап өтті

Жарнама

Жарнама