Солтүстік Македония құрамасымен өтетін жолдастық кездесу алдында Қазақстанның бірнеше футболшысы жарақат алды, деп хабарлайды Meta-ratings.kz порталы.
Бұған дейін алдағы ойынға Артур Шушеначевтің қатыспайтыны белгілі болған еді. Енді Олжас Керімжанов пен Еркебұлан Тұңғышбаевтың да командаға көмектесе алмайтыны анықталды. Үш футболшы да Қазақстан біріншілігінде алған жарақаттарына байланысты жолдастық кездесуге қатыспайды.
Айта кетейік, Қазақстан мен Солтүстік Македония құрамалары арасындағы кездесу 4 маусым күні өтеді.