Transfermarkt мәліметі бойынша, шілде айында 22 жастағы Зайнутдиновтің бағасы 1,5 миллионнан 2 миллион еуроға өскен. Ал Қуаттың құны 1,6 миллионнан 1,5 миллионға түскен. 22 жастағы Бахтияровтың бағасы 200 мың еуро күйінде қалған.
Айта кетейік, 2019/20 жылғы Ресей біріншілігінің қорытындысы бойынша "Ростов" бесінші орын алды. Келер маусымда бұл команда Еуропа лигасында ойнайды. Зайнутдинов болса, биыл 17 кездесуге қатысып, төрт гол соқты.
"Оренбург" биыл соңғы орын алып, Ресей біріншілігінен шығып қалды. Қуат үш ғана кездесуге қатысты.
"Сочи" 12 орынға жайғасты. Бахтияров екі ойынға қатысты.
Еске салайық, Ресейдің жаңа футбол маусымы 8 тамыз күні басталады.