Сборные
8 қыркүйек 2020 15:29

Қазақстанмен өткен ойыннан кейін Черногория құрамасының екі футболшысы вирус жұқтырып алды

Сурет: ҚФФ
Черногория жастар құрамасының екі футболшысы Қазақстан құрамасымен өткен ойыннан кейін коронавирус жұқтырып алды,- деп хабарлайды Cafe Del Montenegro. 

Бұл екі команда Еуро-2021 турнирінің іріктеу кезеңі барысында кездесті. Алматыда 3 қыркүйек күні болған ойын 4:0 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды.

Аталған ойыннан кейін Никола Кристович пен Стефан Милич деген қонақтардың екі футболшысы коронавирус жұқтырып алыпты. 

Вирустің таралып кетпеуін алдын-алу үшін Черногория құрамасы алдағы уақыттағы жолдастық кездесулерін өткізбейтін болып шешіпті.