Қазақстандық клубтың футболшысы Ұлттар лигасына ойнау үшін құрамасына шақырту алды

Сурет rus.err.ee©
Қарағандылық "Шахтердің" шабуылшысы Сергей Зенев Ұлттар лигасында ойнау үшін Эстония құрамасына шақырту алды,- деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі. 

Эстония 5 қыркүйек күні өз алаңында Грузия құрамасына, ал 8 қыркүйек күні Ереванда Армения құрамасымен кездесу өткізеді. 

31 жастағы Зенев 2008 жылдан бері құрамасына шақыртылып келеді. 

Ол "Шахтер" сапында өткен жылдан бері ойнап жүр. Биыл ол Қазақстан чемпионатында алты ойынға қатысып, бір нәтижелі пас берді. Ал өткен жылы 30 ойын өткізіп, сегіз гол соққан. 



Метки:
Жаңалықтар