auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Қазақстан - Шотландия матчына байланысты көлік қозғалысы шектеледі

Қазақстан - Шотландия матчына байланысты көлік қозғалысы шектеледі
Фото ©Тұрар Қазанғапов
Астанадағы футбол матчына байланысты автокөлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу матчы аясында 21 наурызда кешкі тоғызда "Астана - Арена" стадионында Қазақстан мен Шотландия құрамалары матч өткізеді.

"Соған байланысты 20:00-ден бастап Қабанбай батыр даңғылы Керей, Жәнібек Хандар көшесінен Ұлы дала даңғылына дейін ішінара жабылады. Жол қозғалысы қауіпсіздігін ұйымдастыру және қамтамасыз ету үшін қоғамдық көліктерге басымдық беріледі", - деп жазылған хабарламада.

Астана полициясы жеке машиналардан бас тартып, қоғамдық көлікпен жүруді ұсынады. Халықаралық Астана әуежайы ауданына немесе жақын ауылдарға баруды жоспарлап отырғандарға алдын ала басқа жолдарды таңдаған жөн.

Қолайлылық үшін 19:00-ден 20:00-ге дейін футбол матчының жанкүйерлеріне арналған арнайы рейс автобустары (шатлдары) үш жерден қатынайды:

- "Қазақстан" СК тұрағы (Қажымұқан Мұңайтпасов көшесінен);

- "Нұр Астана" мешітінің тұрағы (шығыс жағынан);

- елордалық цирк тұрағы (Қорғалжын шоссесі жағынан).

Көрермендерді кері апарып тастау үшін үш жерден келген автобустар (шатлдар) "Астана Арена" стадионы" аялдамасында күтеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар