Бұл жолы алматылық "Қайрат" командасының жартылай қорғаушысы Сұлтанбек Астановтың ойынға қатыса алмайтыны белгілі болды. Ол коронавирус індетін жұқтырып алыпты.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасының қақпашысы Мұхаммеджан Сейсен, шабуылшы Рамазан Оразов, жартылай қорғаушы Артем Попов және Дамир Мараттың алдағы кездесуге қатыса алмайтыны белгілі болды.
Одан бөлек, Солтүстік Македонияға қарсы кездесуде Оралхан Өміртаев пен Рауан Орынбасар қызыл қағаз алып, алдағы ойынға қатысу құқығынан айырылды.
Айта кетейік, Испанияға қарсы кездесу 13 қазан күні сырт алаңда өтеді.