Сборные
9 қазан 2020 15:34
 
Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан жарақат алып қалды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан жарақат алып қалды Сурет: ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасы мен "Әл-Айн" командасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан жарақат алып қалды. 

"Буын жарақатын алып қалған құраманың капитаны Бауыржан Исламхан бүгінгі жаттығуға қатыспады. 

Құраманың бапкерлер қосыны жартылай қорғаушының емделіп алуына уақыт берді", - деп жазды бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты. 

Еске салайық, 11 қазан күні Қазақстан құрамасы Алматы қаласында Ұлттар лигасы турнирінде Албания құрамасына қарсы кездесу өткізеді. 

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы турнирінде С тобында өнер көрсетіп жатыр. Қарсыластарымыз Беларусь, Литва және Албания құрамасы. Қазіргі уақытта біздің құрама 3 ұпай жинап, топта бірінші орында келеді. Албания және Беларусь құрамаларының еншісінде де үш ұпайдан бар. 

Жарнама

Живи спортом!