auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында Албания құрамасымен тең ойнады

Матч Алматы қаласында өтті.

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында Албания құрамасымен тең ойнады
Сурет: ҚФФ
Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы турнирінінің үшінші турында өз алаңында Албания құрамасын қабылдап, тең түсті, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Алматының Орталық стадионында өткен ойында екі команда да гол соға алмай, 0:0 есебімен тең аяқталды. 

Кездесудің бірінші таймында ойын тең дәрежеде өтті. Алғашқы таймда екі құраманың сапында екі-екі ойыншы сары қағаздан алды. Солардың бірі біздің капитан - Гафуржан Сүйімбаев болатын. Бұл қорғаушының турнирдегі екінші сары қағазы. Сол үшін ол келесі кездесуге қатыса алмайды. 

Қазақстан құрамасы кездесудің бірінші кезеңінде 6 рет қарсылас қақпасына соққы жасағанына қарамастан, гол соға алмады. 

Екінші таймда құраманың бас бапкері Михал Билек қорғаушы Александр Марочкинді ойыннан алып, Абзал Бейсебековті алаңға шығарды. Шамасы, "Қайсар" қорғаушысы кездесу барысында жарақат алып қалған сияқты. 

Албания құрамасы екінші таймда өте жақсы өткізді. Ойын аяқтал тұста қонақтардың шабуылшысы Армандо Броя Стас Покатиловтың төбесінен допты асырып жіберіп еді. Бірақ бос қақпаға кіріп бара жатқан допты қорғаушымыз Темірлан Ерланов бос қақпадан алып шықты. 

Ал матчтың аяталар тұсында Бактиер Зайнутдиновтің орнына шабуылшы Айбар Жақсылықов шықты. Бұл "Жетісу" ойыншысы үшін ұлттық құрама сапындағы бірінші кездесуі болды. 

Айта кетейік, бұл ойыннан кейін Қазақстан құрамасы да, Албания да төрт ұпайдан жинап, тиісінше бірінші жәнне екінші орында келеді. Шамалы кешірек біздің топта Литва мен Беларусь құрамасы өзара кездесу өткізеді. 

Қазақстан құрамасы болса келесі кездесуін Беларусь құрамасына қарсы ойнайды. Ол ойын 13 қазан күні сырт алаңда өтеді. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар