auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Қазақстан құрамасы өз алаңында Литвадан жеңіліп қалды

Бұл ойында Қазақстан құрамасының бір ойыншысы алаңнан қуылды.

Қазақстан құрамасы өз алаңында Литвадан жеңіліп қалды
Сурет: ҚФФ
Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында Литва құрамасынан жеңілді. Алматының Орталық стадионында өткен бұл ойын 1:2 есебімен аяқталды,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Негізі бұл ойында есепті біздің құраманың ойыншылары ашқан болатын. 38-минутта Абат Айымбетов нәтижелі соққысымен көзге түсті. Бірақ Қазақстан құрамасы басымдықты көп ұстап тұра алмады. Араға екі минут өткен соң қонақтар Стас Покатиловтың қақпасына гол соғып, есепті теңестірді. Көзге түскен Модестас Воробьёвас. Ал екінші таймның аяқталар тұсында Литва құрамасы жеңісті голды соқты. Бұл жолы Арвидас Новиковас гол соғып кетті. 

Екінші таймда Қазақстан құрамасы бір ойыншыға кем ойнады. Матчтың 50-минутында Исламбек Қуат екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. 

Бұл жеңілістен кейін Қазақстан құрамасы С лигасының 4 тобында соңғы орнында қалды. Енді төменгі дивизионға түсіп кетпеу үшін біздің құрама тоғыспа кездесу өткізеді. Биыл Ұлттар лигасында Михал Билек жаттықтыратын құрамамыз төрт ғана ұпайға қол жеткізе алды. 

Айта кетейік, бұл бас бапкер Михал Билек үшін ұлттық құрамадағы соңғы ойыны болуы мүмкін. Себебі, бірнеше БАҚ чех маманын жуырда қызметінен кететінін жазып жатыр. 




Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар