Сборные
16 қазан 2017 14:36
 
Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде жеті саты төмен түсті

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде жеті саты төмен түсті Сурет ҚФФ-ның ресми сайтынан алынды

Футболдан Қазақстан құрамасы 16 қазан күні жаңартылған Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) жаңартылған тізімінде жеті саты төмен түсті, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Қазақстан ұлттық құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңін аяқтады. Соңғы екі ойында Румыниядан ұтылып, Армения құрамасымен тең түсті. Нәтижесінде Халықаралық футбол қауымдастықтары Одағының (ФИФА) жаңарған рейтингінде 7 орын төмен сырғып, 133-ші орыннан көрінді.

Жаңарған ФИФА рейтингінің алғашқы ондығында көп өзгерістер болмаған. Германия құрамасы көш басында болса, екінші орында Бразилия келеді. Үштікті Португалия құрамасы түйіндеп тұр. Швейцария құрамасы алғашқы ондықтан шықса, Испания мен Перу құрамалары үздік ондыққа қосылып отыр.

1 (1). Германия - 1631 ұпай
2 (2). Бразилия - 1619,
3 (3). Португалия - 1446,
4 (4). Аргентина - 1445,
5 (5). Бельгия - 1333,
6 (6). Польша - 1323,
7 (8). Франция - 1226,
8 (11). Испания - 1218,
9 (9). Чили - 1173,
10 (12). Перу – 1160

Жаңарған рейтингтегі ең төменгі нәтижені Эквадор ұлттық құрамасы көрсетіп отыр. Олар бірден 25 саты төмендеп, 60-орынға тұрақтаған. Бұл рейтингтің үздік көрсеткішін Түрікменстан құрамасы еншіледі. Олар 22 саты жоғарылап, 114-орынға табан тіреген.

Ел футболы тарихындағы ФИФА рейтингіндегі ең үздік көрсеткіш өткен жылы тіркелген. Нәтиже – 83-ші орын. Ал ең төменгі нәтиже 1996 жылғы мамыр айындағы рейтингтен көрініс табады. Ол жолы 166-шы сатыда болған.

ФИФА рейтингі 1993 жылдан бері түзіліп келеді. Сол арқылы ұлттық құрамалардың өсу деңгейін, көрсетіп келе жатқан нәтижелерін бағамдауға болады. Рейтинг тарихында көш тізгінін 7 ұлттық құрама ғана иеленген. Оның бесеуі Еуропадан болса, екеуі – Оңтүстік Америка құрлығынан. Олар: Германия, Италия, Франция, Испания, Нидерланды, Бразилия және Аргентина. 2006 жылы Германияда өткен әлем чемпионатынан кейін рейтинг ұпайын есептеу жүйесіне арнайы өзгертулер енгізілді. Десе де бұл рейтингте Қазақстан ұлттық құрамасының аса жоғары орындарға шыға алмауының себебі де жоқ емес. Өйткені, географиялық сипаты бойынша алты құрлықтық футбол конфедерацияларының деңгейі тең дәрежеде емес.

Мәселен, Қазақстан ұлттық құрамасы Азия футбол конфедерациясында өнер көрсетер болса, алғашқы жүздікке кірері даусыз. Қазіргі таңда ФИФА рейтингінде бұл конфедерация құрамына енетін командалар көшін Иран ұлттық құрамасы бастап тұр. Нәтижесі – 34-ші орын. Түрікменстан, Тәжікстан мен Қырғызстан құрамалары да Қазақстаннан жоғары тұр. Өйткені, УЕФА мен АФК дәрежелерін салыстыруға келмейді. О баста-ақ Қазақстан футбол федерациясының басшылығы әлемнің алпауыт елдерінен тәжірбие алу үшін, шеберлікті шыңдау үшін Еуропалық футбол қауымдастықтары одағына (УЕФА) өткені аян. Сондықтан да, әзірге ФИФА рейтингіндегі ұлттық құрама нәтижесін заңдылық деп те қарауға болатын шығар.  

Жарнама

Живи спортом!