Футболдан Қазақстан құрамасы алдағы матчтар алдында бір ойыншысынан айырылды - "Ақтөбе" командасының қорғаушысы Әлібек Қасым ұлттық құрамаға көмектесе алмайды, деп хабарлайды Vesti.kz.
ҚФФ баспасөз қызметінің мәліметінше, футболшы "Ақтөбе" мен "Қайрат" арасындағы ойында жарақат алып, кездесуді жалғастыра алмады. Осыған байланысты Қасым алдағы оқу-жаттығу жиынына ұлттық құрамамен бірге бармайды.
Оның орнына кім шақырылатыны кейінірек белгілі болады.
Еске салайық, 5 маусымда Қазақстан құрамасы "Борисов-Аренада" Беларусьпен жолдастық матч өткізеді, ал 9 маусымда 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу аясында Солтүстік Македониямен өз алаңында ойнайды.
Бұған дейін бас бапкер Әли Әлиев алдағы ойындарға арналған құрамның соңғы тізімін жариялаған болатын. Сондай-ақ, "Қайраттың" 16 жастағы шабуылшысы Дастан Сатпаев та құрамада ойнамайтыны белгілі болды.
Жарнама