Сборные
6 қазан 2017 11:15
 
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде өз тобында соңғы орын алды

  Пікірлер

blog.share

Футболдан Қазақстан құрамасы 2018 жылы өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Е тобында соңғы орын алды, деп жазады Vesti.kz порталы.

Соңғы турдың алдында Қазақстан құрамасының еншісінде небәрі екі ғана ұпай бар. Ал Армения құрамасының қоржынында алты ұпай бар. Осылайша, біздің құрама енді бесінші орынға жайғасқан Армения құрамасын саны бойынша қуып жете алмайды. 

"Е" тобында төртінші орында Румыния құрамасы тұр. Олардың еншісінде 12 ұпай бар. Үшінші орында 16 ұпаймен Черногория құрамасы орналасса, екінші орында 19 ұпаймен Дания құрамасы, ал көш басында 22 ұпай жинаған Польша құрамасы тұр. 

Айта кетейік, әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы соңғы кездесуін Қазақстан құрамасы Астанада Армения құрамасына қарсы өткізеді. Ойын 8 қазан күні 22:00-де басталады. 

Еске салайық, кеше Қазақстан құрамасы түзде Румыния құрамасымен кездесіп, 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Бұл біздің құраманың ресми кездесулердегі жетінші жеңілісі. Жалпы ресейлік маман Александр Бородюктің шәкірттері осымен 11 кездесуінде жеңіске жете алмай келеді. 

Жарнама

Живи спортом!