auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Қарсыластарды ақылға салып таңдаған жөн". Стойлов Әзірбайжанға қарсы өтетін кездесу туралы ойымен бөлісті

Бапкер футболшыларымыздың деңгейі туралы айтып берді.

"Қарсыластарды ақылға салып таңдаған жөн". Стойлов Әзірбайжанға қарсы өтетін кездесу туралы ойымен бөлісті
Станимир Стойлов. Сурет: ҚФФ
Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Станимир Стойлов маусым айында Әзірбайжан құрамасымен өтетін кездесу туралы өз пікірін білдірді.

- Қазақстан футбол федерациясы маусым айында елордада Әзірбайжан құрамасымен жолдастық матч өткізетінін жариялады. Әзірбайжан құрамасы не себептен таңдалды? Қарсылас туралы айтып өтсеңіз?

- Ең алдымен Қазақстанға келу үшін келісім берген Әзірбайжанға алғысымды айтқым келеді. Екіншіден, келіссөзді жүргізген Қазақстан футбол федерациясы үлкен жұмыс атқарды деп санаймын. УЕФА-ның Ұлттар лигасының алғашқы ойыны үйде өтетін болғандықтан, жолдастық кездесуді өз алаңымызда қабылдауға шешім қабылдадық. Іріктеу тобындағы қарсыласымыз Грузиямен ойыны ұқсас болғандықтан Әзірбайжанды таңдадық.  Соңғы жылдары Әзірбайжан құрамасы жақсы ойын көрсетіп жүр. Команданы жаттықтыратын Гурбан Гурбановтың да білікті бапкер екенін атап өткім келеді. Әзірбайжанның клубтық деңгейдегі футбол көтеріліп келе жатқанын білеміз. Біздің команданың дайындығын тексеруге жақсы мүмкіндік болмақ.

- Маусым айындағы қарсылас белгілі. Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиынындағы жоспарымен бөлісе отырсаңыз?

- 1-5 маусым аралығында Астана қаласында оқу-жаттығу жиынын өткіземіз. Біздің міндетіміз команданың ойын үлгісін қалыптастыру. Венгрия және Болгариямен өткен матчтардағы ойын үлгісін әрі қарай дамыта түсу мақсатын алға қоямыз. Алғашқы оқу-жаттығу жиынын жақсы өткіздік. Әр жиын сайын командаға жаңа леп қосып отыру қажет. Әрине, әзірге үлкен қадамдар жасай алмаймыз. Бірте-бірте алға жылжып отыру керек.  10 маусым күніне жолдастық кездесу белгілемедік. Өйткені, маусым-шілде айларында футболшыларға түсетін ауыртпашылықты білеміз. Футболшылар ішкі біріншілік пен еурокубок турнирлерінде ойнайды. Ұлттық құрама ойыншыларына 4-5 күн демалуға рұқсат беремін. Өйткені, 2-2,5 ай бойы оларға түсетін салмақ көп болмақ. Еурокубокта ойнайтын командалардың жақсы нәтиже көрсетуі біз үшін де маңызды. Топтық кезеңге бірнеше команда жолдама алса, ол біз үшін үлкен жетістік болмақ.

- Премьер-лиганың бес туры аяқталды. Соңғы турда "Астана" мен "Қайрат" жолықты. Ұлттық құрама футболшыларының ойыны қалай? Маусымдағы жиынға шақырту алуға үмітті жаңа есімдер бар ма?

- Ұлттық құраманың матчтарынан кейін командалар деңгейлерін көтеріп, бабына келе бастады. "Астана" мен «Қайрат» арасындағы кездесу өте тартысты өтті. Ұлттық құраманың ойыншылары осы матчта жақсы ойын көрсетті. Маусым айына дейін бірнеше ойынды қарап, ортақ тұжырымға келеміз. Жаңа есімдер шығып жатса, Ұлттық құрамаға шақырту алады.


Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар