Сборные
12 қазан 2020 16:53

Испаниямен өтетін маңызды ойын алдында Қазақстан жастар құрамасының қақпашысы жарақат алып қалды

Сурет: ҚФФ
"Тараз" командасының қақпашысы Мұхаммеджан Сейсен Евро-2021 турнирінің іріктеу кезеңінде Испанияға қарсы өтетін ойынға қатыса алмайды. Бұл туралы журанлист Айдын Қожахмет Instagram парақшасында жазды. Бұл ойын 13 қазан күні сырт алаңда өтеді. 

"Қазақстан құрамасының бапкерлері Сейсенді не үшін Испанияға алып кетпегені белгісіз. Шамасы жарақат Солтүстік Македония құрамасымен өткен ойында жарақат алып қалған сияқты. 

Сондай-ақ Испания құрамасына қарсы "Жетісудің" қорғаушысы Рауан Орынбасар мен "Тобылдың" шабуылшысы Оралхан Өміртаев қатыса алмайды. Бұл екі ойыншы да өткен ойында жарақат алып қалған болатын", - деп жазады Қожахмет. 

Айта кетейік, соңғы ойында Қазақстан жастар құрамасы Солтүстік Македониядан 1:4 есебімен жеңіліп қалды. Бұл жеңілістен кейін Алмас Құлшынбаевтің тәлімгерлер тоғыз ұпаймен топта төртінші орында тұр. Ал 13 ұпай жинаған македониялықтар 13 ұпаймен екінші орынға шықты. Топтың көш басында Испания құрамасы келеді. Олардың еншісінде 19 ұпай бар.