auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде екі саты жоғарылады

Жаңарған рейтингтің алғашқы ондығында ешқандай өзгерістер болмаған.

Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде екі саты жоғарылады
ҚФФ
Халықаралық футбол қауымдастықтары одағы (ФИФА) ұлттық құрамалардың жаңарған рейтингін жариялады. Қазақстан құрамасы 2 саты жоғарылап, 117-орыннан көрінді.

Станимир Стойлов жаттықтыратын Қазақстан ұлттық құрамасы сәуір айында ойын өткізген жоқ. Тек анығы 5 маусым күні Әзірбайжан құрамасымен жолдастық кездесу өткізетіні белгілі болды. Бұл ойын Астанада болады. Бір күн алдын қос елдің жастар құрамасы да жолдастық кездесуде жолығады.

Әзірбайжан құрамасы жаңарған рейтингте 126-орнын сақтап қалған. Осы айдағы рейтингте үздік нәтижені Кувейт құрамасы көрсетті. Олар 16 саты жоғарылап, 160-орынға табан тіреген. Ең төменгі нәтижені Палестина құрамасы көрсеткен. Олар 13 саты төмендеп, 96-орынға төмен сырғыды.

Жаңарған рейтингтің алғашқы ондығында ешқандай өзгерістер болмаған. Германия құрамасы көш бастаса, екінші орында Бразилия тұр. Үздік үштікті Бельгия құрамасы түйіндеуде.

Үздік ондық тізімі:

1 (1). Германия - 1544 ұпай
2 (2). Бразилия - 1384,
3 (3). Бельгия - 1346,
4 (4). Португалия - 1306,
5 (5). Аргентина - 1254,
6 (6). Швейцария - 1179,
7 (7). Франция - 1166,
8 (8). Испания - 1162,
9 (9). Чили - 1146,
10 (10). Польша - 1128,

Айта кетейік, ФИФА рейтингі 1993 жылдан бері түзіліп келеді. Сол арқылы ұлттық құрамалардың өсу деңгейін, көрсетіп келе жатқан нәтижелерін бағамдауға болады. Рейтинг тарихында көш тізгінін 7 ұлттық құрама ғана иеленген. Оның бесеуі Еуропадан болса, екеуі – Оңтүстік Америка құрлығынан. Олар: Германия, Италия, Франция, Испания, Нидерланды, Бразилия және Аргентина.

2006 жылы Германияда өткен әлем чемпионатынан кейін рейтинг ұпайын есептеу жүйесіне арнайы өзгертулер енгізілді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар