Еске салайық, қазан айында Васильев Қазақстан құрамасы сапында бірінші кездесуін өткізді. Ол Ұлттар лигасының төртінші турында сырт алаңда Беларусь құрамасына қарсы кездесуге қатысты. Васильев бұл ойында негізгі құрамда ойнады.
Вирусқа байланысты Васильев Қазақстан құрамасының 11 қараша күні Черногория құрамасына қарсы өтетін жолдастық кездесуіне, содан соң Ұлттар лигасындағы Албания (15 қараша) және Литва (18 қараша) құрамаларына қарсы матчқа қатыспайды.