eOfppZOvmutPJvLDQ3C9GKXBj8CSXDPBCRdjzaFT
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Екінші таймда Қазақстан бірнеше гол соғу керек еді. Біз жеңіске лайық болмадық - болгариялық комментатор

Екінші таймда Қазақстан бірнеше гол соғу керек еді. Біз жеңіске лайық болмадық - болгариялық комментатор
Сурет: ҚФФ
Танымал болгариялық Topsport.bg сайтының редакторы және спорт комментаторы Виктор Вутов Vesti.kz порталының тілшісіне Қазақстан және Болгари құрамалары арасындағы ойын туралы пікірімен бөлісті. 

Венгрияның Фельчут қаласындағы "Панчо Арена" стадионында өткен ойын 2:1 есебімен болгариялық футболшылардың пайдасына аяқталды. Бұл матчқа Қазақстан құрамасы сапынан "Ордабасының" шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет гол соқты. Осылайша Қазақстан құрамасы Станимир Стойловтың бастамасымен бірінші рет жеңілді. 

"Бірінші таймда Болгария басымдыққа ие болды. Бірақ қауіпті шабуыл ұйымдастыра алмады. Екі голды да біздің футболшылар стандарттан соқты. Менің ойымша, Болгария құрамасы жеңіске лайық болмады. Екінші таймда болгариялық футболшылардың көбісі шаршап қалды. Ал Қазақстан құрамасы болса бірнеше гол соғатын мүмкіндігі болды. Біздің командаға әлі тұрақтылық жетіспейді.

Сіздердің командаларыңыз маған керемет әсер қалдырды. Станимир Стойловтың жақсы жұмыс істеп жатқаны байқалып тұр. Допты көп бақылайтын болыпты. Сіздерде сапалы ойыншылар бар. Ал Станимир Стойловпен сіздер тек алға жүретін боласыздар. 

Қазақстан құрамасы сапынан Тұңғышбаев пен Мұртазаевтың өнері ұнады. Олар ең қауіпті сәттерді ұйымдастырды. Алаң ортасында ойын бойы Исламхан белсенді болды. Жас Сейдахмет болса мықты футболшы. Стойлов оны әлі шыңдай алады", - дейді Вутов. 




Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар