auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Бородюк Ұлттық құрамамызбен бірінші жеңісіне қол жеткізді

Ойын Талғардағы Қазақстанның ұлттық командалар базасында өтті.

Бородюк Ұлттық құрамамызбен бірінші жеңісіне қол жеткізді
©:kff.kz
Қазақстанның ұлттық және жастар құрамасы оқу-жаттығу жиыны аясында өзара жолдастық кездесу өткізді. Айта кетейік, әр команда екі түрлі құрамамен ойнады.

Александр Бородюк шәкірттері бірінші таймда екі гол соқты. Голдың авторлары – жартылай қорғаушы Бауыржан Исламхан мен шабуылшы Роман Мұртазаев.

Екінші таймда "Қайраттың" тағы бір ойыншысы Бауыржан Тұрысбек үшінші голды соқты. Осыдан кейін Владимир Никитенко шәкірттері есеп айырмасын қысқартты. Жартылай қорғаушы Максим Котов дәлдігімен көзге түсті. Ал матчтың нүктесін Ұлттық құрамаға алғаш рет шақырту алған «Тараз» клубының ойыншысы Бактиер Зайнутдинов қойды. Осылайша еліміздің басты командасы жас футболшыларымыздан 4:1 есебімен басым түсті.

Еске сала кетейік, 11 қараша күні бұл екі команда тағы бір жолдастық кездесу өткізеді.

Қазақстан Ұлттық құрамасы – Қазақстан жастар құрамасы – 4:1 (2:0)

Голдар: Бауыржан Исламхан, Роман Мұртазаев, Бауыржан Тұрысбек, Бактиер Зайнутдинов – Максим Котов.

Қазақстан (1-ші тайм): Игорь Шацкий, Ян Вороговский, Тимур Рудосельский, Елдос Ахметов, Михаил Габышев, Асхат Тағыберген, Исламбек Қуат, Магомед Парагульгов, Роман Мұртазаев, Бауыржан Исламхан, Алексей Щеткин.

Қазақсан (2-ші тайм): Марсель Исламқұлов, Григорий Сартаков, Михаил Габышев, Тимур Рудосельский,  Еркебұлан Тұңғышбаев, Александр Соколенко, Бауыржан Исламхан, Дидар Жалмұқан, Бактиер Зайнутдинов, Бауыржан Тұрысбек, Тоқтар Жаңғылышбай.

Қазақстан жастар құрамасы (1-ші тайм): Бекхан Шайзада, Ескендір Қыбырай, Кирилл Алексеев, Әлімбек Қасым, Елжас Сарбай, Рауан Орынбасар, Рамазан Оразов, Наурызбек Жагоров, Артем Попов, Ақмаль Бахтияров, Артем Шушеначев.

Қазақстан жастар құрамасы (2-ші тайм): Игорь Трофимец, Александр Стародубов, Максим Чалкин, Руслан Әлімбаев, Айболат Макуов, Рафаиль Оспанов, Максим Котов, Ұлан Өтешев, Сүлімжан Бакиев, Едіге Оралбай, Темірлан Әміров.


Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар