Сборные
25 қаңтар 2018 14:29
 
Бородюк Ұлттар лигасындағы барлық қарсыластарымызды жеңуге болатынын айтты

  Пікірлер

blog.share

Бородюк Ұлттар лигасындағы барлық қарсыластарымызды жеңуге болатынын айтты Александр Бородюк. Сурет: Reuters

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Александр Бородюк Vesti.kz порталының тілшісіне Ұлттар лигасы жеребесінің қорытындысы туралы ойымен бөлісті. 

Ұлттар лигасы додасында Қазақстан құрамасы D тобына түсті. Қарсыластарымыщ Латвия, Грузия және Андорра құрамалары. 

- Менің ойымша Қазақстан қарсыластарының барлығын жеңе алады. Бұл командалар Дания және Польша секілді мықты ұжым емес. Қазақстан бұл командалармен ойнап, жақсы нәтиже көрсете алады. Бірақ барлығы Ұлттық құрама футболшыларының дайындығына байланысты болады. Ұлттық құраманың дайындық жұмыстары қалай жоспарланатыны өте маңызды. 

- Демек Еуропа біріншілігінің финалдық кезеңіне шығуға мүмкіндік бар ғой, иә?

- Мүмкіндік әрқашанда бар. Мен Қазақстан құрамасына сәттілік тілеймін. Жанкүйерлерің қуантқанын қалаймын. Жеңіс тілеймін! 

Ұлттар лигасының топтық кезең ойындары 2018 жылдың күзінде өтеді. Қазақстан құрамасының кестесімен мына жерден көрулеріңізге болады. Топтың жеңімпазы С тобына түсіп, 2020 жылғы Еуропа біріншілігінің финалдық кезеңіне шығу үшін тоғыспа кездесулерге қатысады. 

Еске салайық, Қазақстан футбол федерациясы өткен аптада Бородюктің қызметінен кеткені туралы хабарлаған болатын. 55 жастағы маман Қазақстан құрамасымен жеті кездесу өткізіп, оның алтауында жеңіліп, бір кездесуде тең ойнады. 

Жарнама

Живи спортом!