Сборные
30 қаңтар 2018 18:20
 
Билич Қазақстан құрамасының орнына "Штутгартты" таңдайды - Sky Sports тілшісі

  Пікірлер

blog.share

Билич Қазақстан құрамасының орнына "Штутгартты" таңдайды - Sky Sports тілшісі Славен Билич. Сурет Reuters©

Sky Sports телеарнасының тілшісі Александр Боненгель Vesti.kz порталының тілшсіне хорватиялық маман Славен Билич пен Қазақстан футбол федерациясы арасындағы келіссөз туралы айтып берді. 

"Маған Биличтің германиялық "Штутгарт" клубының бас бапкері болуға басты кондидаты екені белгілі. Ол қазір команда өкілдерімен келіссөз жүргізіп жатыр. Жуық арадаға ол "Штутгартпен" келісімшарт жасайтын шығар", - дейді Боненгель. 

Еске салайық, өткен аптаның соңында "Штутгарт" 36 жастағы команданың бас бапкері Ханнес Вольфты қызметінен босатқан еді. Ол өткен жылы команданы Бундеслигаға алып шыққан болатын. 

Бұған дейін қазақстандық БАҚ Биличтің футболдан Қазақстан құрамасының тізгінін ұстауы мүмкін екенін жазды. Ал ҚФФ-ның бас хатшысы Азамат Айтхожин болса қазіргі уақытта бос тұрған бұл орынға маман іздестіріліп жатқанын айтты. Оның айтуынша, бас бапкердің есімі мамыр айына дейін белгілі болады екен. 

Қазақстан құрамасының тізгінін ұстауы мүмкін деген кандидаттардың арасында елордалық "Астана" клубының бас бапкері Станимир Стойлов та бар. Ол құрама тізгінін Еуропа лигасындағы "Астана" және "Спортинг" арасындағы кездесуден кейін ұстауы мүмкін деген әңгіме бар. 

Еске салайық, Қазақстан футбол федерациясы өткен аптада Бородюктің қызметінен кеткені туралы хабарлаған болатын. 55 жастағы маман Қазақстан құрамасымен жеті кездесу өткізіп, оның алтауында жеңіліп, бір кездесуде тең ойнады.

49 жастағы Билич бұған дейін түркиялық "Бешикташ", ресейлік "Локомотив" және Хорватия құрамасының тізгінін ұстаған. Маманның соңғы жұмыс орны ағылшындық "Вест Хэм" клубы болды. Бұл команданы ол 2015 жылдың 9 маусымынан бастап, 2017 жылдың қарашасына дейін жаттықтырды.

Жарнама

Живи спортом!