Бахтиер Зайнутдинов Беларусь құрамасына қарсы кездесуге қатыса ала ма?

Бахтиер Зайнутдинов. Сурет: ҚФФ
Мәскеулік ЦСКА командасы мен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Бахтиер Зайнутдиновтің Ұлттар лигасында Беларусь құрамасына қарсы кездесуде алаңға шығу, шықпауы белгісіз болып тұр. Бұл туралы "Гол емес" телеграмм каналы хабарлап отыр. 

Шабуылшы Ұлттар лигасы турнирінің бірінші турында Литва құрамасына қарсы кездесуде жарақат алып қалып, бірінші таймда алаңнан кеткен еді. 

Енді шабуылшының алдағы кездесуіне қатысты соңғы шешімді бапкерлер мен медицина қызметкерлері шешетін болады. 

Айта кетейік, Зайнутдинов Литва құрамасына қарсы өткен кездесудің 3-минутында есепті ашқан еді. Ол жалпы құрама сапында 14 кездесуге қатысып, жеті гол соққан. 

Қазақстан мен Беларусь құрамалары арасындағы кездесу 7 қыркүйек күні Алматының Орталық стадионында өтеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де басталады. 






Метки:
Жаңалықтар