i5aONtdkwg4n6ahdLeN5NkuWEtQsnzhZFzLEirr6
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Астананың" бес футболшысы Ұлттық құрамаға шақырту алды

"Астананың" бес футболшысы Ұлттық құрамаға шақырту алды
©fca.kz
Елордалық "Астана" клубының бес футболшысы Қазақстан құрамасына шақырту алды. 

Қазақстан құрамасы 19 наурыз күні Талғардағы ұлттық құрама командалар базасында жиналып, одан кейін Кипр командасына қарсы жолдастық кездесу өткізу үшін Никосия қаласына аттанады.Одан кейін Ұлттық құрама 2018 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Армения құрамасына қарсы ойнайды.

Ұлттық құраманың бас бапкері Александр Бородюк еліміздің басты командасына "Астана" сапынан 5 ойыншыны шақырды. Олар: қорғаушылар Абзал Бейсебеков, Дмитрий Шомко және Юрий Логвиненко, жартылай қорғаушы Серікжан Мужиков, шабуылшы Роман Мұртазаев.

Бұл футболшылардан бөлек, "Ертістің" екі футболшысы - Давид Лория мен Александр Кислицын және "Қайраттың" жартылай қорғаушысы Георгий Жуков шақырты алды.

Еске салайық, Кипрге қарсы жолдастық кездесу 22 наурыз күні, ал Армения командасына қарсы ойын 26 наурызға жоспарланған.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар