auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Аргентинамен жолдастық кездесу өткізу үшін қанша ақша шығындау керек?

Бұған дейін Қазақстан футбол федерациясы Аргентинамен келіссөз жүргізіп жатқаны белгілі болған.

Аргентинамен жолдастық кездесу өткізу үшін қанша ақша шығындау керек?
©:Reuters
Осы аптада Қазақстан құрамасының әлемдегі ең мықты ұжымдардың бірі Аргентина құрамасымен қараша айында жолдастық кездесу өткізуі мүмкін деген әңгіме шыққан еді. Бірақ кейіннен бұл ақпарат расталмады. Ал бүгін Аргентина құрамасының жолдастық кездесу үшін қанша сыйақы сұрайтыны белгілі болды. 

Өткен аптада Қазақстан футбол федерациясының спорттық директоры Игорь Утробин Vesti.kz порталының тілшісіне Аргентина федерациясымен жолдастық кездесу өткізу үшін келіссөз жүргізіп жатқанын айтқан болатын. Нақтырақ айтсақ, ол - "Біз Аргентина федерациясының өкілдерімен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Әрине, бұл қиын процесс. Оның үстіне 14 қарашаға дейін аз уақыт қалды. Қазіргі уақытта келіссөздердің қаржылық тұсын шешу керек. Жалпы сомманың 40 пайызын федерацияның өзі төлеуге дайын. Қалған 60 пайызын төлеу үшін демеушілер қарастырып жатырмыз", - деп еді. 

Кейіннен Аргентина құрамасымен Әзірбайжанның да келіссөз жүргізгені белгілі болып, кездесуден бас тартқаны анықталды. Ал бүгін, 26 қазан күні екі дүркін әлем чемпиондарымен қараша айында Украина құрамасының да кездесуден бас тартқаны белгілі болды. 

FootballHub порталының таратқан мәліметі бойынша, екі елдің футбол федерациялары жолдастық кездесу өткізу туралы келіссөз жүргізіпті. Бірақ аргентиналықтар бұл ойын үшін бір миллион доллар талап еткен. Осыдан кейін Украинаның футбол федерациясы да кездесуден бас тартқан. 

Еске салайық, Аргентина құрамасы 11 қараша күні Мәскеудегі "Лужники" стадионында Ресей құрамасымен, ал 14 қараша күні Краснодар қаласында Нигерия құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. 






Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар