auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

18 жастағы шабуылшы Еркебұлан Сейдахмет Қазақстан құрамасына шақырту алды

23-наурыз күні Қазақстан құрамасы Венгриямен кездеседі.

18 жастағы шабуылшы Еркебұлан Сейдахмет Қазақстан құрамасына шақырту алды
Еркебұлан Сейдахмет. Сурет Уoutube сайтынан алынды.
18 жастағы ресейлік "Уфаның" қазақстандық шабуылшы Еркебұлан Сейдахмет Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алды. Бұл туралы "Уфаның" ресми сайты хабарлап отыр. 

"18 жастағы Еркебұлан Сейдахмет 23-наурыз күні Венгрия және 26-наурыз күні Болгария құрамасына қарсы ойнайтын Қазақстан құрамасына тұңғыш рет шақырту алды", - делінген хабарламады. 

Бұған дейін Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері Станимир Стойлов та Сейдахметті жуық арада ұлттық құрамаға шақырту алатынын айтқан еді

Айта кетейік, 23-наурыз күні Будапешт қаласында Қазақстан құрамасы Венгриямен жолдастық кездесу өткізсе, 26-наурыз күні Фельчут (Венгрия) қаласында Болгария құрамасымен кездеседі. 

Еске салайық, Сейдахмет ақпан айының басында "Уфа" клубымен ұзақ мерзімге келісімшарт жасаған болатын. Ресей біріншілігінде "Динамо" клубына қарсы өткен ойында ол қосалқы құрамда қалды. Клубтың бас директоры Шамиль Газизовтың айтуынша, шабуылшы жаңа командасының сапындағы бірінші кездесуін жуырда өткізеді екен. 

Ал Стойловтың Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалғаны туралы 1-наурыз күні белгілі болды. Болгариялық маман содан соң 2014 жылдан бері жаттықтырып келген "Астана" клубынан кетті. 

Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар