Вьетнамның Тхайнгуен қаласында муайтайдан барлық жас санатында ұйымдастырылған Азия чемпионаты аяқталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Биыл сары құрлықтың басты додасына 24 отандасымыз қатысты. Нәтижесінде U23 және ересектерге кіретін А санатында Ұлттық құрама жалпы есепте Таиландтан кейін 2-орынға тұрақтады. Қазақстан спортшылары 7 алтын, 7 күміс, 6 қола медаль жеңіп алды.
Қазақстан құрамасы айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Команда капитаны Әбіл Ғалиев тай боксынан 2 дүркін Азия чемпионы атанған тұңғыш қазақстандық болды. Даяна Дүйсенғали «Әйелдер арасында үздік спортшы» («Best female fighter») атанды. Сондай-ақ ұлттық құрамамыз Азия муайтай федерациясының (FАMA) арнайы сыйлығына - «Best fair play team» ие болды.
Айта кетейік, биылғы чемпионатқа Азия мен Тынық мұхиты аумағындағы 20 елден 200-ге жуық спортшы қатысты.