Муай-тай
26 маусым 17:49
 

Муайтайдан Қазақстан Азия чемпионатында 7 алтын медаль жеңіп алды

  Пікірлер

blog.share

Муайтайдан Қазақстан Азия чемпионатында 7 алтын медаль жеңіп алды ©Спортты дамыту дирекциясы

Вьетнамның Тхайнгуен қаласында муайтайдан барлық жас санатында ұйымдастырылған Азия чемпионаты аяқталды,  - деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Вьетнамның Тхайнгуен қаласында муайтайдан барлық жас санатында ұйымдастырылған Азия чемпионаты аяқталды,  - деп хабарлайды Vesti.kz.

Биыл сары құрлықтың басты додасына 24 отандасымыз қатысты. Нәтижесінде U23 және ересектерге кіретін А санатында Ұлттық құрама жалпы есепте Таиландтан кейін 2-орынға тұрақтады. Қазақстан спортшылары 7 алтын, 7 күміс, 6 қола медаль жеңіп алды. 

Қазақстан құрамасы айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Команда капитаны Әбіл Ғалиев тай боксынан 2 дүркін Азия чемпионы атанған тұңғыш қазақстандық болды. Даяна Дүйсенғали «Әйелдер арасында үздік спортшы» («Best female fighter») атанды. Сондай-ақ ұлттық құрамамыз Азия муайтай федерациясының (FАMA) арнайы сыйлығына -  «Best fair play team» ие болды.

Айта кетейік, биылғы чемпионатқа Азия мен Тынық мұхиты аумағындағы 20 елден 200-ге жуық спортшы қатысты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!