Муай-тай
25 қараша 14:20
 

Қарсыласын шалқадан түсірген 17 жастағы қазақ чемпион атанды

  Пікірлер

blog.share

Қарсыласын шалқадан түсірген 17 жастағы қазақ чемпион атанды ©

Қазақстандық Бахтияр Нариманов Тайландтағы тай боксы турнирінде International Champion атағын жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық Бахтияр Нариманов Тайландтағы тай боксы турнирінде International Champion атағын жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

17 жастағы Нариманов жергілікті Джонгсананлекпен (10-2) титулдық жекпе-жек өткізді. Бахтияр екінші раундта қарсыласын нокаутқа түсіріп, 66 келіде белбеуді жеңіп алды.

"Қарсылас тәжірибелі болды. Ол кәсіпқой рингте 10-нан астам жекпе-жек өткізген. Жақсы қорғанады және соққыларды көтереді. Екінші раундта мен оны ашылуға мәжбүр еттім де, шынтағыммен қарсы соққы бердім. Шабуылдан кейін түсіндім, ол қайта тұрмайды. Қазір бойымды эмоция билеп тұр. Жеңіске жеткеніме және Қазақстан туын Тайландта көтергеніме қуаныштымын", – деді Нариманов Meta-ratings.kz сайтына берген сұхбатында.

Бұл жеңіс Бахтияр Наримановтың кәсіпқой карьерасындағы екінші жеңісі болды. 19 мамырда өзінің дебюттік жекпе-жегінде ол бірінші раундта Өзбекстаннан келген спортшыны нокаутпен жеңген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!