Кхумбу Пасанг Лхаму муниципалитетінің басшысы Бинод Бхаттарай Kathmandu Post-қа берген сұхбатында өткен сенбіден бастап Эверест аймағына келген туристерден ПЦР-дан теріс нәтижелі анықтама көрсету және карантиннен өту талап етілмейді деп мәлімдеді. Бхаттарай атап өткендей, вирустың таралу қарқыны баяулады және Непал осы аптада вакцинациялауды бастайды.
"Қазіргі уақытта өңірде шетелдік туристер жоқ. Бірақ біз олардың санын Эверестке шығу маусымы басталған наурыз айында көбейтуді жоспарлап отырмыз", - деді Кхумбу муниципалитетінің басшысы Пасанг Лхаму.