Альпинизм
9 шілде 2019 17:20
 

Алматыдағы Альпиниадаға бес мыңнан аса адам қатысты

  Пікірлер

blog.share

Алматыдағы Альпиниадаға бес мыңнан аса адам қатысты

Өткен демалыста Қазақстанның астанасы күні мерекесіне орай Нұрсұлтан (4 376 метр) және Қазақстан халқы ассамблеясы (4068) шыңдарын бағындыру бойынша шарасына бес мыңнан аса адам қатысты, - деп хабарлайды Vesti.kz

blog.share

Өткен демалыста Қазақстанның астанасы күні мерекесіне орай Нұрсұлтан (4 376 метр) және Қазақстан халқы ассамблеясы (4068) шыңдарын бағындыру бойынша шарасына бес мыңнан аса адам қатысты, - деп хабарлайды Vesti.kz

Шыңдарды бағындырушылар арасында тек қазақстандықтар ғана емес, Еуропа және Азиядан кәсіпқой және әуесқой спортшылар да келді. 



Бұл шараға Tengrinews.kz және Vesti.kz журналистері де атсалысты. 



Альпинистер жаяу жүру бағытын Талғар шатқалынан (3200 метр) бастады. Ауа райының қолайлылығы Іле Алатауының керемет көрінісін барынша тамашалауға мүмкіндік берді. 



Араға бір сағат салып, саяхтшылар тау-тасты өрмелеп, қар басуға мәжүр болды. Жол-жөнекей қатысушылар лагері көбейе бастады. Бірінші рет барғандар Богданович мұздығында (3600 метр) аялдады. 



Ауа температурасы нөл градусқа жеткенде, альпинистер ас ішуге аялдаған. 





Көптеген адамдар мақсат еткен межені бағындыра алмаған. Оған өзіндік себептері де бар. 

Шыға шыққандардың арасында Vesti.kz, Tengrinews.kz және Massaget.kz сайттарын біріктіретін Effective Media Liaison директоры Сұңқар Қарабалин болды. Ол испан азаматы Андреаса Уэскимен бірге түнгі 3:30-да шыңға көтерілу нүктесіне барған. Сағат 11:30-да шыңға шығып, Андреспен Испания және холдинг туын бірге тіккен. 

"Мен осы шыңды бағындыруға ұзақ дайындалдым. 2001 жылы бастап, 2017 жылы жалғастырып, 2019 жылы мен осыған қол жеткіздім. Бұл үлкен жеңіс. Ұзақ уақыт бойы мақсат еткен межеге қол жеткізу өте керемет дүние. Бұл оңайға соқпады, бірақ қалайда біз шың басында тұрмыз", - деді Қарабалин. 











Шың басынан төмен түсу де оңай іс емес. Қуанышқа орай барлық альпинистер аман есен қалаға жеткен. 

"Мен шыңға шығуды жоспарладым, алайда лагерьде менің қан қысымым көтерілді. "Тау ауруы" деп аталатын мәселеге тап болдым. Жағдайға тура қарап, шыңға шығуды бір жылға шегеруді шештім", - дейді Tengrinews.kz ақпараттық қызметі директорының орынбасары Айнаш Өндіріс.

Осы шараға қатысушылардың бірі Vesti.kz тілшісі Бақытжан Нұрпейісов те қуанышты эмоциясын жасырмады. "Таңғажайып мекен. Таулар - мықты әрі позитив адамдардың басын қосады. Мұнда адамдар жан рақаты үшін келеді". 

Осы шара дәстүрлі түрде 24-ші рет өткізіліп отыр. 












Суреттер: Vesti.kz

Жарнама

Живи спортом!