Маунтинбайк
Бүгін 17:43

Қазақстандық маунтинбайкшы Азия чемпионатында екі жүлде жеңіп алды

©ҚР ҰОК

Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан маунтинбайктан Азия чемпионатында Юлия Ли Қазақстан қоржынына екінші жүлдені салды.

Жастар санатында сынға түскен спортшы XCO дисциплинасында қола медаль жеңіп алды. Юлия Ли жарыс жолын 1:24:10 уақытта аяқтап, үздік үштікке енді.

Алтын медальді қытайлық Ван Тин жеңіп алды. Күміс жүлдеге оның отандасы Гун Сыин ие болды.

Айта кетейік, бұған дейін Юлия Ли Азия чемпионатында XCC дисциплинасында да қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport