Денис Сергиенко Маунтинбайктен Азия чемпионатының жүлдесін иеленді

©olympic.kz

Қазақстандық Денис Сергиенко маунтинбайктен Азия чемпионатында екінші орын алды, деп жазады Vesti.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол XCO-да андер санатында кореялық Сенгун Чуннан (+0:35) жеңіліп, екінші орынға ие болды. Тағы бір кореялық шабандоз Сеунг Су Хео тұғырдың үшінші сатысына көтерілді (+3:37).

Естеріңізге сала кетейік, 18 қазанда Қазақстан командасы эстафетада "алтын" жеңіп алған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport