Қазақстандық мотоспорт команадасы әлем чемпионатына қатысады

©

2023 жылы Қазақстанның мотоспорт тарихында алғаш рет отандық "Uniserv Moto82" командасы EWC24 халықаралық жарысына әлемнің үздік жиырма командасының қатарына кірді.

EWC-бұл жол мотожарысының 6-дан 24 сағатқа дейінгі төзімділікке арналған әлемдік турнирі, ал қазақстандық команданың бұл жетістігі әлем мамандарының назарын аударғанын айта кетейік.  

Енді "Uniserv Moto82" қазақстандық командасы 2024 жылы Франция, Бельгия, Жапония трассаларында өтетін айтулы (EWC 24) жарысына қатысуды жоспарлап отыр екен. 

 

Осыған байланысты кеше Алматыда Республикасы Автомотоспорт федерациясының президенті М. Н. Абықаев, "Uniserv" ЖШС құрылтайшысы Н. С. Сәтбаев, "Uniserv moto82" қазақстандық командасының менеджері үлкен Карл Пешек, Йозеф Кубичек "Uniserv Moto82" командасының мотошабандоздары кіші Карл Пешек, Дмитрий Прискоко, Мартин Вашулиннің қатысуымен команданың таныстыруы өтті. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: