Осы күндері Будапешт қаласында қазіргі бессайыс бойынша Әлем кубогының кезекті кезеңі өтіп жатыр.
Ірі халықаралық турнирде Қазақстан намысын Кирилл Стадник, Лев Чувашов, Темірлан Әбдірайымов, Константин Сычев, Полина Андреева және Диана Щедрова қорғауда.
Жарыс аясында әйелдер арасындағы іріктеу кезеңі өтті. Алайда қазақстандық спортшылар жартылай финалға өте алмады.
Алда ерлер арасындағы іріктеу жарыстары өтеді.