Қазіргі бессайыс
13 сәуір 17:50

Қазақстан бессайысшылары Әлем кубогы кезеңінің жартылай финалына жете алмады

©ҚР ҰОК

Каир қаласында (Мысыр) қазіргі бессайыстан Әлем кубогының кезеңі аяқталды. Бұл жарысқа Қазақстан құрамасы да қатысты.

Өкінішке қарай, іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар жартылай финалға өте алмады.

Әйелдер арасында А іріктеу тобында Полина Андреева 29-орынға ие болды.

Ерлер арасында А іріктеу тобында Константин Сычев 36-орын алды. В тобында Темірлан Абдраимов 27-ші нәтиже көрсетсе, Анатолий Голубь 35-орынға жайғасты. Ал С іріктеу тобында Кирилл Стадник 19-орын алса, Лев Чувашов 28-орынға тұрақтады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport