Қазіргі бессайыс
30 сәуір 2025 15:29

Бессайыстан Әлем кубогына қатысатын құрам іріктелді

©ҚР ҰОК

7-11 мамыр аралығында Болгарияның Пазарджик қаласында қазіргі бессайыстан Әлем кубогының кезеңі өтеді.

Аталмыш ірі халықаралық турнирде Қазақстан құрамасынан екі спортшы бақ сынайды.

2024 жылғы Олимпиада қатысушысы Георгий Борода-Дудочкин мен Константин Сычев жүлделі орындар үшін жарысқа қатысады.

Ал жуырда ғана Венгрия астанасы Будапештте өткен кезеңде Темірлан Әбдраимов жартылай финалға дейін жеткен болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport