MMA
15 наурыз 2020 13:01

Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі дебюті коронавирусқа байланысты кейінге қалды

Фото Тұрар Қазанғапов©
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың дебюті кейінге қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Спортшының менеджері Саят Әбдірахмановтың айтуынша, коронавирус пандемиясына байланысты Лондондағы турнирдің өтетін орны өзгерген.

"Өкінішке қарай, вирусқа байланысты Лондондағы турнир АҚШ-қа ауыстырылды. Шавкаттың жұмыс визасы болмағандықтан, оның жекпе-жегі өтпейтін болды. Бұл туралы маған бір сағат бұрын хабарлады. Шавкат бұл туралы әуежайда білді", - деп жазды Әбдірахманов Instagram желісіндегі парақшасында.

Еске салайық, UFC-мен келісімшарт жасасқан алғашқы қазақстандық Рахмонов ұйымдағы алғашқы жекпе-жегін 21 наурызда Лондондағы Fight Night 171 турнирі аясында өткізуі керек болған. Қарсыласы поляк Бартон Фабински болған еді.