Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы кім болады? DAR Team бас бапкері Эдуард Базров пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
DAR Team командасының жетекшісі Эдуард Базров Белал Мұхаммед пен Иэн Гэрри арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы Шавкат Рахмоновпен кездесуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді.
«Қазірше Шавкат туралы нақты ештеңе айта алмаймын. Біз келесі жылға дайындық үстіндеміз. Оған қарсылас ретінде бірнеше нұсқа бар. UFC бұл мәселені өз жоспарымен реттейді. Не болатынын кейін көреміз. Бастысы – біз әрдайым дайын болуымыз керек.
Жартылай орта салмақта мықты спортшылар өте көп: Шон Брэди, Камару Усман, Белал Мұхаммед, Иэн Гэрри, Бакли сияқты қарсыластар бар. Тағы бір өте қарымды камерундық жігіт бар, есімі есіме түспей тұр. Қай қарсыласты ұйым ұсынса да, ол біз үшін қызықты болады. Себебі бұл дивизион – қазір UFC-дегі ең бәсекелі салмақ. Мен атаған спортшылардың кез келгені чемпион бола алады», – деді Базров Betonmobile сайтына берген сұхбатында.
Еске салайық, Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри өткен жылдың желтоқсанында кездесіп, қазақстандық спортшы төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жеткен еді. Ирландиялық файтер сол кездесуде Рахмоновқа қарсы толық бес раунд шыдаған алғашқы спортшы атанған.
Содан бері Шавкат түрлі себептерге байланысты октагонға шыққан жоқ.
Жарнама